К 30-летию Независимости Казахстана | 20 наурыз 10:24

«Өзенмұнайгаз» компаниясы жыл үздігі атанды

«Өзенмұнайгаз» АҚ 2023 жылдың нәтижесі бойынша үздік мұнайгаз өндіруші компания атанды.

Рейтингте мұнай өндірісі көлемі бойынша іріктеліп алынған 20 ірі мұнай өндіруші компания бар.

Рейтинг тоғыз көрсеткіш бойынша жасақталды. Атап айтқанда, мұнай өндіру көлемі, мұнайды ішкі нарыққа жіберу көлемі, газ өндіру көлемі, төленген салық көлемі, жұмыскерлер жалпы саны, жергілікті кадрлар, тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша елішілік құндылық үлестері. Әр көрсеткішке реттік саны бойынша балл берілді. Балл аз болған сайын компания рейтингісі жоғарғы орында болады.

NAFT@KZ-20 рейтингісі бойынша жалпы жеңімпаз, Үздік компания - «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы.

Ал жеке көрсеткіштер бойынша:

Үздік мұнай өндіруші - Теңізшевройл компаниясы; Үздік газ өндіруші - Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. компаниясы; Үздік салық төлеуші компания – Теңізшевройл компаниясы; Ішкі нарыққа мұнай беру үздігі – «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы; Үздік жұмыс беруші - «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы; Елішілік құндылық жасау үздігі - «Казақтүрікмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.