Жобалар сарапшы мамандардан тұратын қазылар алқасы іріктеуінен өткізіліп, таңдаулы 7 туындының Өзен кен орнының дамуына елеулі пайдасы бар екендігі анықталып, патент рәсімделген.
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының көлік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Айтқали Бәшенов үздік жетіліктің авторлары Жасұлан Қарақұлов, Мұрат Ақын, Әділжан Үсенов, Бекназар Таласбаев, Әлібек Қосжанов, Мұрсалин Қоразов, Бисары Дүйсенбаев, Жарылқап Өтешовтарды құттықтап, патенттерін салтанатты түрде табыстады.
«Бүгін сөзден гөрі істің бағасы құнды. Жобалар компания жастары қиялының ұшқыр, ойлау қабілетінің жақсы екендігін көрсетті. Мимен жұмысты дамытып, не істесеңдер де сапалы жасауға ұмтылыңдар!»,- деді Айтқали Бәшенов.