Магистральдық мұнай құбырының 511,3-514,1 және 516,8-528 шақырымдарында жаңадан салынған учаскелерін іске қосу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы ұзындығы 14 шақырым құбырдың жаңартылған учаскелерін қосу үшін құбырды 72 сағатқа тоқтату қажет болды. Барлық техникалық жұмыстар дер кезінде және ойдағыдай аяқталды.
«Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының учаскесін ауыстыру мұнайды кідіріссіз әрі апатсыз тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған.
«Атырау-Самара» мұнай құбыры қазақстандық «қара алтынды» әлемдік нарыққа экспорттау бойынша екінші орында тұр. Ал 2020 жылы «Атырау-Самара» құбыры арқылы 14,4 млн тонна мұнай тасымалдаған болатын.