Қазақстан құрамасы Пара-хоккейден 6-11 желтоқсан аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өткен С-Pool әлем чемпионатына қатысып, 2023 жылы В тобында өтетін келесі чемпионатта өнер көрсетуге жолдама алды.
Параспортшылар үшін бұл жоғары халықаралық деңгейдегі алғашқы жарыс, ал Қазақстан үшін тың бастама. Өйткені оған арналған жабдық елімізде небәрі төрт жыл бұрын ғана пайда болған.
Биыл Астана қаласындағы парахоккей федерациясына «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қоры әлем чемпионатына баруды ұйымдастырып қана қоймай, команданы құрал-жабдықпен қамтамасыз ету үшін 14,5 миллион теңгеге қаржылай қолдау көрсетті.