К 30-летию Независимости Казахстана | 25 желтоқсан 09:43

«Парасатты» ардагер мұнайшы

Ардагер мұнайшы, «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының директоры Мақсым Ізбасов «Парасат» орденімен марапатталды.

Ардагерге мемлекеттік марапатты облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов табыстады.

 

«Мемлекетіміздің мұнай-газ саласына арнаған еңбегімді бағалаған Президентімізге, облыс басшылығына алғысымды білдіремін. Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуында мұнайшылардың еңбегі зор. Сондықтан, бұл марапат - мұнайшы-ардагерлердің еңбегінің бағаланғаны деп білемін», - деді Мақсым Ізбасов.

Айта кетейік, «Парасат» орденімен азаматтар ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, сондай-ақ, республиканың рухани және интеллектуалдық әлуетін дамыту мен молайтуға зор үлес қосқан немесе адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін марапатталады.