К 30-летию Независимости Казахстана | 22 сәуір 08:13

Партиялық жұмыс барысы пысықталды

Nur Otan партиясы «Ембімұнайгаз» бастауыш партия ұйымының есеп беру сайлау жалпы жиналысы онлайн форматында өтті.

Айта кетейік, ЕМГ Бастауыш партия ұйымында 164 партия мүшесі 3 партиялық топтарға бөлінген.

Жиын барысында 2019-2020 жылдарға атқарылған жұмыстардың есебі, алға қойылған міндеттер туралы, бастауыш партия ұйымының төрағасы мен төрағаның орынбасарын сайлау, Бюро құрамын бекіту, Nur Otan партиясы Атырау қалалық филиалының кезекті ХХХІХ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау, Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалының кезекті ХХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар ұсыну мәселелері қаралды.

Бастауыш партия ұйымының төрағасы болып «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек Қасымғалиев, ал, орынбасары болып көлік департаментінің директоры Мақсот Наукенов сайланды.

Сонымен қатар, партияның Бюро құрамына ЕМГ күрделі құрылыс департаментінің директоры Гүлнар Мусина, құжаттармен қамту тобының жетекшісі Жанна Үмбетова, қоғаммен байланыс қызметінің жетекші маманы Ғалия Қаражанова, «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасының қызметкерлерді басқару және әлеуметтік қамту бөлімінің бастығы Гүлжан Бердешева, «Ембімұнайэнерго» басқармасының әлеуметтік қамсыздандары тобының жетекшісі Данияр Аташев сайланды.

Жиын соңында Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Арман Азаматов партияның алға қойған міндеттері туралы ұсыныс пікірлер айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.