Жоспарлы алдын алу жұмыстары – бұл жабдықтың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында зауытта жүргізілетін жыл сайынғы процедура. Жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде технологиялық жабдық пен құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық куәландыру, тексеру, сараптау жөніндегі іс-шаралар кешені жоспарланған.
Жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» заңының талаптарына сәйкес жүргізілетін болады.
Павлодар мұнай-химия зауытында қазіргі уақытқа дейін жанар-жағармай материалдары қорының тиісті көлемі қалыптасты. Жанармай ҚР Энергетика министрлігімен келісілген жоспарына сай жөнелтіледі.
Сонымен қатар ҚМГ-ның басқа мұнай өңдеу зауыттарында жанармайдың жекелеген түрлерінің өндірісін ұлғайту бойынша жұмыс атқарылды. Аталмыш шаралар, ең алдымен, экономиканың әлеуметтік маңызды секторының қажеттілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған.
Зауыттағы жоспарлы алдын алу жұмыстары 2024 жылы 16 шілдеге дейін өткізіліп, кәсіпорынды штаттық режимге шығару жоспарланып отыр.