К 30-летию Независимости Казахстана | 21 желтоқсан 09:10

Пайымды пікірсайыс

«Мұнайшы қыз» клубының «Қайнармұнайгаз» МГӨБ филиалының ұйымдастыруымен аталған өндірістік басқармада алғаш рет пікірсайыс өтті.

Шараға өндірістен 2 және басқарма аппаратынан 2 команда қатысып, отбасылық құндылық, бала тәрбиесі, отбасы берекесі секілді әртүрлі тақырыптарда ой бөлісті.

Нәтижесінде аппарат қызметкерлерінен құралған «Тәуелсіз Барыс» және өндірістегі жұмысшылардан жасақталған «Кенбай» топтары ақтық мәреге жетіп, 2020 жылдың үздіктері болып танылды. Тартысты пікірсайыс қорытындысымен «Тәуелсіз Барыс» тобы жеңіске жетті.

Әйелдер арасынан мұнай-газ өндіру бөлімшесінің пульт операторы Зухра Құрманғазиева, ерлер арасынан Кенбай мұнай газ өндіру цехының бастығы Ержан Айтжанов үздік спикер атанды.

Жеңімпаздар дипломмен және барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.