Кездесуде екі ел арасындағы жүк тасымалдау көлемі оң қарқын көрсетіп отырғаны атап өтілді. 2022 жылы жүк тасымалы 23 млн тоннаны құрап, тарихи максимумнан асты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 15% -ке көп.
Тараптар Қазақстан арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады. ҚХР-дан импорт мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесуде жаңа жобаларға да көп көңіл бөлінді. Достық – Мойынты учаскесін жаңғырту және Бақты – Тачэн учаскесінде үшінші теміржол шекара өткелін салу мәселелері қаралды.