Ол Кузбасс политехникалық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша, сондай-ақ Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Қызылордағы механикалық-жөндеу зауытында инженер-технолог болып бастаған.
Әр жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратында, ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, Қызылорда қаласының әкімі лауазымдарында еңбек етті.