Павлодар мұнай химия зауытының (ПМХЗ) Инновациялық комитеті 2025 жылғы қызметкерлер бастамаларын қорытындылады. Бағдарламасы аясында кәсіпорын қызметкерлерінің 24 ұсынысы талқыланды, олардың 14-і рационализаторлық мәртебеге ие болып, өндіріске енгізуге ұсынылды.
Бұл жобалар технологиялық процестерді оңтайландыруға, энергия тиімділігін арттыруға және кәсіпорынның операциялық шығындарын азайтуға бағытталған. Өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары – бас инженер Ренат Саликов ең тиімді жобалардың авторларына рационализатор куәліктерін тапсырды.
Жылдың негізгі бастамалары:
Андрей Белоусов – электр энергиясы шығындарын азайту;
Олжас Сейтмуханбетов – П-101 және П-102 пештеріне отын газын беруді оңтайландыру;
Юрий Мигуля – битум өндірісін жаңғырту;
Иманхан Гасанов – ағынды суларды тасымалдау;
Якобс Сергеевс – виртуалды талдағыштарды енгізу бойынша болды.
Сондай-ақ марапатталғандар:
Рахат Сапаров – МДЭА абсорберлерінің технологиялық жағдайын мониторингілеу ұсынысы үшін;
Сергей Шубников – баяу кокстеу қондырғысындағы тұтылған мұнай өнімін өңдеуге тарту бастамасы үшін;
Сабыржан Аубакиров – баяу кокстеу қондырғысында 24 сағаттық кокстеу циклына көшу жобасы үшін.