«ҚазМұнайГаз» еліміздегі ең ірі мұнай-газ химиясы жобасын іске асыруды жалғастыруда. Атырау облысында салынып жатқан болашақ полиэтилен зауытының құрылыс алаңына жобадағы ең ірі тік технологиялық жабдық – фракциялау бағанасы жеткізілді.
Бұл – кешеннің монтаждау алаңына тікелей жеткізілген алғашқы ірі габаритті жабдық. Бағана қазақстандық «АтырауНефтеМаш» кәсіпорнында жасалған. Осындай ауқымды әрі техникалық тұрғыдан күрделі жабдықтың Қазақстанда өндірілуі локализацияны дамытуға маңызды үлес қосады.
Фракциялау бағанасы - пиролиз қондырғысының негізгі элементі. Дәл осы жерде полиэтилен өндіруге арналған негізгі шикізат – этиленді бөлу процесі орындалады.
Бағананың биіктігі 101,8 метр, бұл шамамен 30 қабатты тұрғын үйдің биіктігімен пара-пар, ал салмағы шамамен 1 500 тонна. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған жабдық күндізгі уақытта сағатына шамамен 2–4 км жылдамдықпен жеткізілді.