К 30-летию Независимости Казахстана | 03 қыркүйек 10:41

Поштадан көлікпен қайтыңыз!

«Қазпошта» АҚ филиалдарында тонометрді тегін орнату басталды. Осылайша пошта байланысы саласындағы ұлттық оператор жылдың соңына қарай барлық бөлімшелерінде «A» санатындағы 34 тонометр орнатпақ.  

Сонымен қатар, Компания франшиза жүйесі бойынша Қазақстандағы 62 сауда-саттық нүктесінде кәсіпкерлермен серіктестік орнатуда деп хабарлайды 24.kz. 

Енді жақындарыңызға сәлемдеме жібергіңіз келсе, пошта орталықтарына асығудың қажеті жоқ. Бар болғаны, жақын арадағы сауда нысандарына бару керек.

«Қазпошта» бүгінде 3 бағытта жұмыс істейді. Яғни пошталық жөнелтілімдер, қаржы және агенттік қызмет түрлері. Біздің серіктестердің орталықтарында пошталық қызметтен бөлек, коммуналдық төлемдерді өтеуге, аударылымдар жасауға, теміржол және әуе билеттерін сатып алуға мүмкіндік бар», - дейді «Қазпошта» АҚ коммерциялық департамент директоры Замира Жұмағұл.

Пилоттық жоба іске қосылмас бұрын мамандар Ұлыбритания және Германия тәжірибесін жан-жақты зерттеген. Олардың айтуынша, басты мақсат – ел тұрғындарына қолайлы жағдай жасау, уақыт үнемдеу. Ал серіктес компаниялар өздеріне тиесілі үлестерін алады. Осылайша, заманауи бастама үш тарап үшін де тиімді болмақ.

Ал егер қазан айына дейін онлайн сауда жасап, «Қазпошта» қызметіне жүгінетін болсаңыз, көлікке ие болу мүмкіндігіңіз бар. 25 жылдыққа орайластырылған «Сәлемдемеңді автокөлікке ауыстыр» акциясына барлық ел азаматтары қатыса алады Толығырақ сілтемеде: http://www.kazpostpromo.kz/kz