К 30-летию Независимости Казахстана | 16 қыркүйек 17:30

Пойыз апатынан теміржолшы әйел зардап шекті

Алматы - Отар теміржол телімі өткеліндегі жолға шығып кеткен автобусты іліп әкеткен пойыз апатынан зардап шеккен әйел адамның өзі Алматы локомотив пайдалану депосында бухгалтер болып істейтіні белгілі болды. Оның теміржолдағы еңбек өтілі - 14 жыл деп хабарлайды "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

33 жастағы әйелдің өзімен бірге қасында екі қызы болған. "Қазақстан темір жолы" компаниясы зардап шеккендерге барынша қолдау көрсетіп, емделу мен әрі қарай оңалту шығындарының барлығын көтеріп алмақ. Әріптестері олардың тезірек сауығып кетуін тілеуде. 

Демалыс күні туысқандарынан қайтып келе жатқан депо қызметкері басқа жолаушылар арты есіктен шығуға беттегенде, ұйқыдағы қыздарын қолына көтеріп үлгермеген. Қазіргі кезде үшеуі де Қарасай орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Ал машинист тежегішті қанша басқанымен, пойыздың тоқтау жолы ұзақ екені белгілі.

Автобус жүрзізушісі оқиға орнында көз жұмды.