К 30-летию Независимости Казахстана | 15 маусым 16:13

Пойыз арқылы жүкті қалай тасымалдауға болады?

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ұсынатын багаж тасымалы қызметі сұранысқа ие, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыздар арқылы жүк тасымалдауға күн өткен сайын жолаушылар арасында сұраныс артып келеді. Жылдам әрі қауіпсіз жүк тасымалдау қызметі сіздің заттарыңыздың еліміздің бір түкпірінен екінші түкпіріне жайлы жетуіне кепілдік береді. 

Орталықта жүкшілер тынбай еңбек етіп, багаж тасымалдау сапасының артуына ықпал етеді. 

Егер бір өңірден екінші өңірге көлемді заттарды жіберуді жоспарлап жүрсеңіз, багаж тасымалы қызметі таптырмас әдіс.