К 30-летию Независимости Казахстана | 22 маусым 16:25

Пойыз билеттерін жеңілдікпен алуға болады

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Таратылған ақпаратқа сәйкес барлық коммерциялық «Talgo» пойыздарына 35% дейін жеңілдік тағайындалған, оның ішінде:

- № 19/20 «Нұр-Сұлтан-Атырау» бағыты;

- № 712/711 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Шымкент» бағыты;

- № 95/96 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Орал» бағыты;

- № 29/30 «Алматы-2-Атырау» бағыты;

- № 51/52 «Алматы-2-Орал»; бағыты

- № 69/70 «Алматы-2-Өскемен» бағыты;

- № 701/702 «Алматы-2- Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» бағыты;

- № 705/706 «Алматы-2-Петропавл» бағыты.

Ұлттық тасымалдаушы жол жүру құжатын (билет) BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан немесе мобильді қосымшаны пайдаланып, сондай-ақ интернет ресурстары мен өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдар арқылы сатып алуларын сұрайды.

Сондай-ақ жолаушыларға санитария-карантин талаптарын, тиісті ара қашықтықты (1 метрден кем емес), вокзал аумағында және пойыз ішінде бетперде киіп жүру режимін қатаң түрде сақтау қажеттігін ескертеді.