«Өткен жылдың желтоқсанында ұзындығы 247 шақырым Starlink спутниктік жүйесін қолдана отырып, жобаны өрістету бойынша жұмыстар басталды. Бұл учаскенің өткізу қабілетін бірінші кезекте тәулігіне 4 жұп пойызға дейін, екінші кезекте – 7 жұп пойызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осы ретте, тасымалдар көлемі бірінші кезекте жылына 3 млн тонна, екінші кезекте – 5 млн тоннадан астам жүкті құрайды»,
— деп атап өтті Марат Шәкенов Поездарды тестілік іске қосу осы жылдың сәуіріне жоспарланған. Келесі инновациялық жоба – дизельді қозғалтқышпен және аккумуляторлық батареяларды қамтитын электр жүйесімен жабдықталған, гибридті маневрлік локомотивтер. Локомотивтің негізгі артықшылықтары: отынды үнемдеу, пайдалану шығыстарды және зиянды заттар шығындарын 20%-ға төмендету.