Бизнес-класты алмастырған премиум эконом-класс жолаушыларға бизнес-класстағыдай жоғары деңгейдегі жайлылық пен сервисті ұсынады. Ал тарифтер бизнес-класс бағаларына қарағанда 35%-ға дейін төмен болады. Жаңа класс Нұр-Сұлтаннан Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Өскемен қалаларына, және Алматыдан Қызылордаға орындалатын рейстерде енгізіледі. Билеттер 23 қарашада басталатын рейстерге 16 қарашадан бері сатылып жатыр.
«Біз әрдайым жолаушылар пікіріне назар аударамыз, өйткені олар біздің қызметімізді жақсартады. Көптеген өтініштерге байланысты бізде жайлылық пен уақыт үнемдеуді бағалайтын адамдарға арналған жаңа өнім пайда болды. Премиум эконом-класс жолаушылары бизнес-класс қызметі мен артықшылықтарын қол жетімді тарифтер бойынша пайдалана алады», – дейді Air Astana-ның сату жөніндегі директоры Ислам Секербеков.
Жаңа кластың артықшылықтары:
рейске басым тіркелу, отырғызу және түсіру; жолжүктің ұлғайтылған мөлшері 2 орынға 32 кг-нан; «Нұр-Сұлтан» әуежайындағы «Шаңырақ» бизнес-лаунжына кіру; бизнес-кластың күту залдарына кіру; премиум-класс тамағы және сусындардың кең таңдауы; әр рейсте бонустық ұпайлардың еселенуі; бизнес-кластың жол жиынтығы.