Ішкі нарық қосымша 150 мың тонна көлемінде сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етілетін болады, деп мәлімдеді премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
"Шикі және тауарлық газдың бағасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін өткен жылғы желтоқсан деңгейінде бекітіледі", – деді премьер-министр.
Мұнымен қатар, Әлихан Смайылов коммуналдық қызметтердің бағалары мен тарифтерінің өсуіне жарты жылға мораторий енгізілгенін айтты.
"Жанар-жағармайға және газға шекті бағалар белгіленді. Үкімет жанында отандық кәсіпкерлер кенесі құрылды", – деп қосты Әлихан Смайылов.