К 30-летию Независимости Казахстана | 19 қазан 15:47

Президент Алматы мен Қонаев арасында электр пойызын қайта іске қосуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы обылысында жұмыс сапарымен болды. 

«Облыстың көлік-логистика әлеуетін арттыру – басты басымдықтың бірі. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, өңірдің көлік желісін жақсарту үшін кешенді шаралар әзірлеуге тиіс. Жолаушы және жүк тасымалының мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасау керек. Атап айтқанда, Алматы мен Қонаев қалаларының арасындағы автожолмен қатар теміржол желісін дамыту қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұрын екі ортада арнайы электр пойызы қатынайтынын еске салып, соны қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

«Бұл шара Алматы маңындағы көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді. Алматы облысы Алматы шаһарының іргесінде және Қытай шекарасына жақын орналасқан. Мұнда аймақаралық көлік дәліздерін дамыту аса маңызды. Күре жолдар жүк және жолаушы тасымалының көлемін арттырады. Сондай-ақ, бір облыстың ғана емес, тұтас елдің дамуына септігін тигізеді», – деді Мемлекет басшысы.