ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов өзінің құттықтау сөзінде өндірісте еңбек етіп жүрген әйелдерге алғыс білдірді. Олардың қажырлы еңбегі мен мамандығына деген адалдығы елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жұмысшы әйелдерге берілген мемлекеттік наградалар — бұл сіздердің мұнай-газ саласын дамыту жолында атқарған көп жылғы адал еңбектеріңіздің жоғары бағасы, — деді А.Хасенов.«Құрмет» орденімен «Өзенмұнайгаз» АҚ №4 мұнай-газ өндіру басқармасы сорғы станциясының машинисі Шуақбаева Айсұлу Қошмаққызы марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері:
Белоусова Людмила Матвеевна — «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі
Шегебаева Гүлсім Ізтұрғанқызы — «Oil Services Company» ЖШС «ЖетібайСервис» өндірістік басқармасының еңбекті ұйымдастыру инженері
Оразалиева Алмагүл Абатқызы — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының техник-геологы
Бухаева Жібек Рызабекқызы — «Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ мұнай-газ өндіру операторы
Азарян Зинаида Николаевна — «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының жетекші инженері
Баспаева Айнұр Танатбергенқызы — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» филиалының өнімді жинау, тасымалдау және дайындау жүйесі басқармасының сарапшысы
Өтенова Орынгүл Нұрмұханқызы — «Қаражанбасмұнай» АҚ химиялық талдау лаборанты.
Сонымен қатар мерекелік іс-шара барысында ҚМГ компаниялар тобының ардагерлері мен қызметкерлеріне мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның естелік белгілері, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.