ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов әріптестерін ұлттық мерекемен құттықтап, еліміздің экономикалық дамуындағы мұнай-газ секторының стратегиялық рөлін атап өтті.
— Республика күні Қазақстанның егемендігін, еліміздің одан әрі өркендеуге деген ұмтылысын және халқымыздың бірлігін білдіреді. ҚазМұнайГаз компаниялар тобының қызметкерлері өздерінің адал әрі қажырлы еңбегімен еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосып келеді. Бүгін сіздерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградалар табысталды. Бұл - сіздердің мұнай-газ саласын дамыту жолында атқарған көп жылғы адал еңбектеріңізге берілген жоғары баға, - деді А.Хасенов.
«Құрмет» орденімен:
Күзембаев Береке Жұмағұлұлы — «Өзенмұнайгаз» АҚ көтергіш қондырғы машинисі;
Медеуов Дүйсен Әбілбайұлы — «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС бас директоры;
Оразбеков Марлен Армияұлы — ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК бизнесті қолдау жөніндегі басқарушы директоры;
Есбергенова Айгүл Сағынайқызы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас бухгалтері марапатталды.
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен:
Омаров Әбдіжамал Рызабекұлы — «Oil Construction Company» ЖШС Қаламқас құрылыс-монтаждау қызметінің жоба жетекшісі марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері:
Ұзақбаева Айкүміс Самарханқызы — «KMG EP-Catering» ЖШС қоғамдық тамақтандыру асханасының аспазы;
Етмышбаева Қарлығаш Халмырзақызы — «KMG EP-Catering» ЖШС қоғамдық тамақтандыру асханасының аспазы;
Өтесінова Ақбибі Жалқышқызы — «KMG EP-Catering» ЖШС қоғамдық тамақтандыру асханасының аспазы;
Қазиева Раушан Ұзақбайқызы — «Өзенмұнайгаз» АҚ персоналды басқару және дамыту департаментінің директоры;
Абдуалиева Сандуғаш Қабдоллақызы — мұнай-газ саласының ардагері;
Дарибаев Юлдашбай Абуұлы — мұнай-газ саласының ардагері;
Ходжахметова Райса Қожамбердіқызы — «Өзенмұнайгаз» АҚ қабат қысымын сақтау цехының машинисі;
Қуаншекенов Нұржан Ғайноллинұлы — «Oil Services Company» ЖШС «Қаламқас-Сервис» өндірістік басқармасының ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының бастығы;
Оразов Ғалымжан Жүсіпқалиұлы — «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС Жетібай электр станциясының учаске бастығы;
Құлназаров Ерназар Жалғасбайұлы — «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС жоба директоры;
Ақжанов Бекзат Серікбайұлы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндіруші және мұнай сервистік активтерді басқару басқармасының бастығы;
Қайдагұлов Олжас Теміртасұлы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу басқармасының бастығы;
Уалиева Алтынай Төлегенқызы — «KMG Systems & Services» ЖШС бизнес серіктесі;
Ешкеев Мұрат Жеңісұлы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жетекші маманы;
Чен Юлия Анатольевна — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қазынашылық басқармасының бастығы;
Сембаев Равиль Алдабергенұлы — «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының көлік жүргізушісі;
Азаматов Әлімхан Эльдаргаджиұлы — «Өзенмұнайсервис» ЖШС көтергіш қондырғы машинисі;
Сранов Мұхтар Сүлейменұлы — «Мұнайтелеком» ЖШС технологиялық процестерді басқару жүйелерін автоматтандыру тобының жетекші инженері;
Құтмамбетов Мажет Сәкенұлы — «Қазгермұнай» БК» ЖШС мұнай және газ өндіру департаменті директорының орынбасары;
Жолбасаров Жаңалық Таңғалиұлы — «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының бастығы;
Төретаев Асхат Жалғасұлы — «Oil Services Company» ЖШС «Жетібай-Сервис» өндірістік басқармасы бастығының орынбасары;
Агатаев Айжарық Орысбайұлы — «Oil Construction Company» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бастығының орынбасары.
Жалпы, ҚМГ компаниялар тобының
590 қызметкері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.