К 30-летию Независимости Казахстана | 08 қараша 10:24

Президент Атырауда мұнай қоймасын салуды тапсырды

Қойма салуда экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақталуы қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жасаған жұмыс сапары барысында «ҚазМұнайГаз» компаниясына Атырау жерінде үлкен мұнай қоймасын салу мәселесін қарастыруды тапсырды. Бұл үшін Энергетика министрлігі мұнай өндіретін ірі компаниялармен қойманың құрылысына қатысты келіссөздер жүргізуі керек.

«Мұнай саласындағы еңбек нарығында шұғыл шешілуге тиіс мәселелер бар. Келешекте жұмыссыздықтың пайда болуына жол бермеуіміз керек. Бұл өте маңызды мәселені Үкімет өз назарында ұстауы қажет. Осы мәселе бойынша негізгі шетел компанияларымен бірге жұмыс істеуге тиіс. Үкіметке осы шаруаны шұғыл қолға алуды тапсырамын», – деді президент.

Мемлекет басшысы өңірдегі шетелдік компаниялар аймақтың білім беру, денсаулық сақтау және экология мәселелерін шешуге атсалысуы керектігін айтты.

«Үкімет әкімдікпен бірлесіп, инвесторларды осы жұмысқа жұмылдыруы қажет. Әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына баса назар аударылады. Осы мәселені Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің қарауына шығару керек. Мемлекет мүддесі үшін инвесторлармен жалпы келісімдерді әзірлеу мәселесін пысықтауды тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.