К 30-летию Независимости Казахстана | 05 шілде 10:19

Президент жалақы көтеру керектігін айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі кәсіпорындардың жүйелі түрде қызметкерлерінің жалақысын көтеріп отыру керектігін нұсқады. Компания кірісі өсетін болса, сәйкесінше қызметкерлердің де еңбекақысы жоғарылауы қажет.  

Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысы барысында айтылды. 

"Кез келген компанияның басты байлығы – адам. Сондықтан кәсіпорынның кіріс мөлшеріне қарай қызметкерлерге сыйақыларды әділ үлестіру маңызды. Бұл – әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі кілті. Бұл отандық кәсіпорындарға да, шетелдіктер қатысқан компанияларға да қатысты. Ұлттық табыстың әділ бөлінуі – әр мемлекеттің негізгі міндеті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.