К 30-летию Независимости Казахстана | 27 маусым 15:20

Президент: Қазақстан криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңесте Қазақстан криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұрғанын айтты, деп хабарлады Ақорда сайты.

Жиында Мемлекет басшысы криптоиндустрия және цифрлық активтерді дамыту мәселелеріне баяндады.

«Біз әлеуетімізді барынша тиімді пайдалануымыз керек. Еліміз криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр. Алайда біз тек қана шикізат мәртебесін ұстанып қалмауымыз керек. Осы орайда, Үкімет қаржы реттеушілерімен және «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесе отырып, кешенді цифрлық экожүйені дамыту үшін қолайлы жағдай жасауы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.