К 30-летию Независимости Казахстана | 23 мамыр 14:27

Президент: ҚазМұнайГазға жас мамандарды тарту керек

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына ұлттық компанияның биылғы 4 айдың ішінде атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілген.

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, компанияның IPO-ға дайындығы жөнінде баяндалды.

Қазақстан Президенті басталған жобалардың бәрін мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы корпоративтік басқару ісін дамыту, ұлттық компанияға білікті жас мамандарды тарту қажеттігін айтты" делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бүгін Президент Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдап, қаламгерлерге шығармашылық табыс тіледі.