К 30-летию Независимости Казахстана | 01 қыркүйек 13:29

Президент: «Самұрық-Қазына» экономиканың басты салаларына бақылау жасайтын мажоритарлы инвесторға айналады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ел халқына жолдау жасады.

Жолдау барысында Президент «Самұрық-Қазына» қорына қатысты да айтты.

«Бұған дейін айтылғандай, мемлекет өзінің экономикаға араласуын біртіндеп азайта береді. «Самұрық-Қазына» қоры экономиканың басты салаларына бақылау жасауға ғана жеткілікті ықпалы бар мажоритарлы инвесторға айналады. Қордың басқа активтері мен акцияларын жекешелендіру керек. Оны жүзеге асыруға «Халықтық ІРО» тәсілін де қолдануға болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

«Самұрық-Қазына» қоры жеке инвесторлар дербес жүзеге асыра алмайтын аса маңызды жобаларға инвестор ретінде қатыса алады. Мұндай жобаларды Президент анықтайды.