Қордың бірнеше негізгі портфельдік компаниясы 2024 жылдың қорытынды есебін талдау нәтижелері бойынша PwC Kazakhstan дайындаған ESG-ақпаратты жариялау жөніндегі жыл сайынғы рейтингіде Үздік ондық қатарына енді.
Бұл қордың тұрақты даму мәселелері мен деректерді ашық жариялауға бағытталған жүйелі тәсілін көрсетеді.
«Тізімнің айтарлықтай бөлігін «Самұрық-Қазына» тобының портфельдік компаниялары құрайды, бұл қордың ESG-аспектілерін басқарудағы бірізді әрі жүйелі тәсілін айғақтайды. Яғни, 2032 жылға қарай ірі портфельдік компаниялардың ESG-рейтингі бойынша 70-перцентиліне енуін қамтамасыз ету жөніндегі қордың мақсатына сай келеді», — делінген «ESG-ақпаратты жариялау бойынша үздік 50 компания» есебінде.
PwC Kazakhstan рейтингісі - Қазақстан компанияларының экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық қызметі (ESG) туралы деректердің ашықтығы мен сапасын бағалаудың тәуелсіз құралы. Жалпы іріктеуге Қазақстанда жұмыс істейтін 98 компания қатысты.