К 30-летию Независимости Казахстана | 19 қыркүйек 08:28

Qazaq Air 1 қарашадан бастап Ақтөбе – Орал тұрақты рейсін іске қосады

Рейстер сейсенбі және сенбі күндері жасалады.

Qazaq Air әуе компаниясы Ақтөбе – Орал бағыты бойынша тұрақты рейстер ашатынын хабарлады. Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Билеттер сатылымда.

 

Бұған дейін әуе компаниясы 2022 жылғы 30 қазаннан бастап 2023 жылғы 25 наурызға дейін қолданылатын күзгі-қысқы кесте бойынша тұрақты және халықаралық рейстерге билеттер сатылымы ашылғанын хабарлаған болатын.

Qazaq Air компаниясының барлық авиарейстері De Havilland Canada Dash-8 Q400 Next Gen заманауи әуе кемелерінде, 86 жолаушы креслосына дейінгі сыйымдылықпен орындалады.

«Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, әуекомпанияның байланыс орталығы арқылы, сондай-ақ сату кеңселерінде сатып алуға болады» делінген компания хабарламасында.