7 жыл қатарынан QAZAQ AIR әуекомпаниясы өзінің жолаушылар ағынының рекордтық өсімін көрсетуде. 2021 жылы авиакомпания 570 мың адамды тасымалдады, бұл 2020 жылдан 32% - ға артық. Авиакомпанияның маршрут желісі 35 бағытты қамтиды.
Авиакомпанияның есепті кезеңдегі кірісі 2020 жылмен салыстырғанда 67%-ға өсіп, 12,7 млрд теңгені құрады. 2021 жылы бекітілген аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес EBITDA көрсеткіші 472 млн теңгеге жетті, бұл авиакомпанияның алатын түсім есебінен барлық ақшалай шығыстарды өз бетінше өтеуін растайды.
Осылайша, 2021 жылы QAZAQ AIR әуе компаниясының өзін-өзі ақтауға шығару бойынша үш жылдық бизнес-трансформация циклі аяқталды. Негізгі іске асырылған жобалар техникалық қызмет көрсету бойынша жеке базаны сертификаттау және Қазақстанда флотты қайта тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын және шекара маңындағы халықаралық авиа маршруттарға қызмет көрсете отырып, Нұр-Сұлтанда хабы бар жаңа маршруттық желіні іске қосу.
2021 жылы QAZAQ AIR авиакомпаниясы IOSA өндірістік қауіпсіздігінің халықаралық стандартына сәйкестігін кезекті рет сәтті растады және ИАТА-ның ресми мүшесі болып табылады.
Қазақстан Республикасында өңіраралық авиатасымалдардың қауіпсіздігі мен қолжетімділігін арттыру QAZAQ AIR өңіраралық ұлттық авиакомпаниясын стратегиялық дамытудың негізі болып табылады.