К 30-летию Независимости Казахстана | 27 наурыз 09:30

QAZAQ AIR әуе компаниясы Ақтөбеден Қазанға ұшуды қайта бастайды

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2024 жылғы 1 сәуірден бастап Ақтөбеден Қазанға ұшудың қайта басталғаны туралы хабарлайды.

Рейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және жұма күндері келесі кесте бойынша орындалады (жергілікті уақыт көрсетілген):

IQ 507 Ақтөбе 17:00–Қазан 16:40 IQ 508 Қазан 17:40 – Ақтөбе 21:20

Сондай-ақ келесі қалалардан транзиттік маршруттар қарастырылған:

Астана -Ақтөбе - Қазан Атырау – Ақтөбе – Қазан.

Қазақстандық әуетасымалдаушы QAZAQ AIR канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 жаңа генерацияланған заманауи ұшақтарында сенімді әуе қатынасын қамтамасыз етеді. QAZAQ AIR әуе кемелері паркі сыйымдылығы 76-дан 86 жолаушыға арналған 5 ұшақтан тұрады.

«Татарстан Республикасы Ресейдің негізгі өнеркәсіптік аймақтарының бірі және біздің еліміз үшін маңызды стратегиялық серіктес болып табылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара қарым-қатынастың негізін қазақ және татар халықтары арасындағы өңіраралық ынтымақтастық пен тарихи, мәдени, сондай-ақ рухани байланыстар құрайды. Әуе рейстерін қайта бастау – екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-білім беру байланыстарын нығайтуға ықпал етеді», - деп атап өтті QAZAQ AIR әуе компаниясының Басқарма төрағасының м.а. Нұрлан Жақыпов.