К 30-летию Независимости Казахстана | 07 шілде 14:45

Qazaq Air Алматы – Семей жаңа рейсін ашады

14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік бар

Qazaq Air Қазақстанда ішкі рейстерінің көбейгенін хабарлады. 21 шілдеден бастап Алматы – Семей әуе қатынасы ашылады. 

Билет бағасы 20 239 теңгеден басталып, 33 759 теңгеге дейін барады. Ұшу уақыты — 1 сағат 50 минут.

Жаңа әуе бағыты бойынша аптасына 4 рет (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және жексенбі) екі қала арасында ұшақ қатынайды. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік бар. Билеттер қазір сатылымда.

Ұшу кестесі (Астана уақытымен):

Алматы (08:40) – Семей (10:30) Семей (11:10) – Алматы (13:05)

Билеттерді Flyqazaq.com сайтында сатып алуға болады:

жолаушылар әуе кемесіне отыратын орынға алдын ала тапсырыс береді; жүк немесе қол жүгi көлемін көбейте алады; рейстегі тамақтануға тапсырыс береді; үй жануарлары мен спорт жабдықтарын тасымалдауға рұқсат алады.