К 30-летию Независимости Казахстана | 01 шілде 15:19

Qazaq Air Алматы мен елордадан Балқашқа рейстер ашады

8 шілдеден бастап QAZAQ AIR Нұр-Сұлтан – Балқаш және Алматы – Балқаш рейстерін қолайлы бағамен қайта бастайды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Рейстер аптасына 4 рет (дүйсенбі, бейсенбі, сенбі, жексенбі) орындалады. Билеттердің бағасы бекітілген. Нұр-Сұлтан - Балқаш 8 999 теңге және Алматы - Балқаш 9 999 теңге.

Билет құнына қол жүк 5 кг, тіркелген жүк 20 кг кіредңи. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі. Билеттер сатылымда.

Рейстер кестесі:

Нұр-Сұлтан (06:30) - Балқаш (07:50) Балқаш (12:50) - Нұр-Сұлтан (14:20) Алматы (10:40) - Балқаш (11:40) Балқаш (08:20) - Алматы (09:20)