К 30-летию Независимости Казахстана | 09 қазан 10:27

QAZAQ AIR Астанадан Ақтөбеге қосымша әуе рейстерін ашады

Ақтөбеден Астана арқылы Қызылорда, Новосибирск, Екатеринбург, Омбы және Қостанай қалаларына қосылатын рейстер арқылы саяхаттауға болады.  

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 10 қазаннан бастап Астанадан Ақтөбеге күнделікті рейстерге келесі кесте бойынша қосымша ұшуларды енгізіледі:  

Сейсенбі және бейсенбі күндері:

IQ 385 Астана (07:45) - Ақтөбе (09:50) IQ 386 Ақтөбе (10:30) – Астана (12:20)

Ақтөбеден Астана арқылы Қызылорда, Новосибирск, Екатеринбург, Омбы және Қостанай қалаларына қосылатын рейстер арқылы саяхаттауға болады.  

«Ақтөбенің географиялық орналасуы өте тиімді. Қала Орталық, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы маңызды жолаушылар бағыттарының қиылысу нүктесі болып табылады. Рейстердің ұлғаюы – әуе көлігі тасымалының қолжетімділігін арттырып, елдің ішкі туризмін дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті әуекомпанияда.

Билеттерді www.flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады. 

Естеріңізге сала кетейік, QAZAQ AIR халықаралық Skytrax рейтингісі бойынша биылғы жылы Орта Азия және ТМД елдері арасында үздік үштікке енді.