Дүйсенбі және бейсенбі күндері (жергілікті уақыт бойынша):
IQ 367 Астана 17:20-Қостанай 18: 35 IQ 368 Қостанай 19:05 – Астана 20: 20. Сейсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері: IQ 367 Астана 16:50-Қостанай 18:10 IQ 368 Қостанай 18:50-Астана 20: 20.Ұшу кестесі туралы ақпаратты www.flyqazaq.com сайтынан біле аласыз. Билеттерді брондау және сатып алу үшін әуе кассаларына хабарласуға болады. Сондай-ақ әуе компанияның сайтынан сатып алуға болады.
QAZAQ AIR авиакомпаниясы 2015 жылы ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейінде Қазақстан өңірлері арасында қолжетімді әуе қатынасын қамтамасыз ететін өңіраралық авиатасымалдаушы ретінде құрылды. Авиакомпанияның негізгі міндеті – өңірлер арасында тиімді әуе қатынасын орнату және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдауға жәрдемдесу болып табылады.