Үржарға барғысы келетіндер көп болды. Авиакомпания өкілінің айтуынша, жаз маусымы басталмаса да, бір бағытқа борттың толықтығы 80 пайызды құрады.
«Өңіраралық авиакомпания өңірлерді өзара байланыстыру, жолаушыларды межелі жерге тез және арзан жеткізу функцияларын өзіне алады. Ішкі әуе қатынасын дамыту Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ашуға, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті авиакомпанияда.
Астана-Үржар-Астана бағыты бойынша ұшулар жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалатын болады.
14 жасқа дейінгі балаларға компания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады. Қолжүгін тасымалдау нормасы 5 кг, жолжүктікі – 20 кг. Ұшу датасы мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды.
Билеттерді қазірден бастап flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.