Енді қазақстандықтар елордадан Үржарға аптасына 4 рет ұша алады:
Жұма және жексенбі күндері:
IQ 505 Астана (08:25) - Үржар (10:10) IQ 506 Үржар (10:50) – Астана (12:15)Сейсенбі, бейсенбі күндері:
IQ 505 Астана (12:55) - Үржар (14:20) IQ 506 Үржар (14:50) – Астана (16:15)«Өңіраралық әуе қатынасын дамыту – Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал етеді», - деп хабарлайды әуекомпания баспасөз қызметі.
Астана-Үржар-Астана бағыты бойынша тұрақты рейстер заманауи De-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалатын болады.
Әуебилеттерінің құны бір бағытқа 25 000 теңгеден басталады. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі. Қол жүгі мен багажды тасымалдау нормасы таңдалған тарифке байланысты. Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінен брондауға және сатып алуға болады.