К 30-летию Независимости Казахстана | 07 желтоқсан 16:00

QAZAQ AIR барлық бағыттарына 20 пайыз жеңілдік ұсынды

Бұл ұсыныс Халықаралық азаматтық авиация күніне арналған.

«Халықаралық Азаматтық авиация күні қарсаңында QAZAQ AIR арнайы ұсыныстың іске қосылғаны туралы қуана хабарлайды. Тек 7 желтоқсанда сіз билеттерді авиакомпанияның веб-сайтынан барлық бағыттар бойынша тарифтен 20% жеңілдікпен сатып ала аласыз» делінген компания хабарламасында.

Сату мерзімі: сайтта тек 7 желтоқсан www.flyqazaq.com Саяхат кезеңі: 01 қаңтар 2023 - 28 ақпан 2023 (қоса алғанда).

Халықаралық азаматтық күн халықты Азаматтық авиацияның мемлекеттердің әлеуметтік және экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы хабардар ету мақсатында жыл сайын 7 желтоқсанда атап өтіледі. Бұл мерекенің бастамашысы Азаматтық авиацияның халықаралық нормаларын белгілейтін және қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру мақсатында оның дамуын үйлестіретін халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) болды.

Азаматтық авиация – бұл көптеген адамдардың еңбегі: ұшқыштар, инженерлер, диспетчерлер, стюардессалар, күнделікті тасымалдаудың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қалалар мен елдерді байланыстыратын жердегі қызмет мамандары.