К 30-летию Независимости Казахстана | 01 желтоқсан 15:13

QAZAQ AIR желтоқсанда музыкалық аспаптарды тегін тасымалдайды

QAZAQ AIR әуе компаниясы қол жүгінде музыкалық аспаптарды тегін тасымалдау акциясын өткізеді. Арнайы ұсыныс субсидияланған рейстерден басқа барлық бағыттарда 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін өткізіледі.

Науқан шарттары бойынша музыкалық аспаптың салмағы 10 кг-нан, ал көлемі 120 x 50 x 30 см-ден аспауы керек.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авиакомпания мен жолаушылардың мүлкіне зиян келтірмеу үшін www.flyqazaq.com сайтында «Менің тапсырысым» бөлімін таңдап, ұшуға дейін 24 сағаттан кешіктірмей «Музыкалық аспаптар» қызметін қосу керек.

Компания қауіпсіздік мақсатында музыкалық аспапты мұқият орауға кеңес береді. Салон үшін ең дұрыс орам – жұмсақ мұқаба.

Сонымен қатар, агенттіктер мен байланыс орталықтарында аталған қызмет ақылы түрде ұсынылатынын ескертеміз.