К 30-летию Независимости Казахстана | 04 қаңтар 15:40

Qazaq Air Жезқазғаннан Өскеменге әуе рейстерін орындайды

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 12 қаңтардан бастап Жезқазғаннан Өскеменге тікелей әуе қатынасын іске қосады.

Ұшулар сәрсенбі және жұма күндері аптасына 2 рет жиілікпен орындалады:

IQ 501 Жезқазған (11:30) - Өскемен (13:20) IQ 502 Өскемен (13:50) - Жезқазған (15:50)

Жезқазған-Өскемен-Жезқазған бағыты бойынша ұшулар жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде Орындалатын болады.

Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытта 15 000 теңгені құрайды.

14 жасқа дейінгі балаларға компания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады. Қолжүгін тасымалдау нормасы 5 кг, жолжүктікі – 20 кг. Ұшу датасы мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды.

Билеттерді қазірден бастап flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.