Ұшу қауіпсіздігін басқаруды ұйымдастыру, ұшу өндірісі, диспетчерлік қамтамасыз ету, инженерлік-техникалық қызмет көрсету, ұшу экипажы мен бортсеріктердің қызметі, жердегі қызмет көрсету, жүктерді тасымалдау және әуекомпанияның авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету құрылымдары аудит сәтті өтті.
«2017 жылдан бастап біздің әуекомпания жолаушылардың әуе сапарларының жоғары деңгейдегі жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін IOSA халықаралық стандартына адалдығын сенімді түрде көрсетіп келеді. IOSA аудитінің кезекті сәтті өтуі — әуе жолаушыларының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету QAZAQ AIR әуекомпаниясының және оның командасының әрбір мүшесінің ДНҚ-сында екенінің дәлелі», - деді QAZAQ AIR Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Әділбек Өміралиев.
QAZAQ AIR әуекомпаниясының жаңа сертификаты 2026 жылдың қараша айына дейін жарамды болады.