К 30-летию Независимости Казахстана | 27 қыркүйек 10:00

Qazaq Air компаниясын жекешелендіру байқауына өтінім қабылдау мерзімі ұзарды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл–ауқат қоры» акционерлік қоғамы Қорға тиесілі «QAZAQ AIR» АҚ-ның 49%- дан 100%-ға дейінгі акцияларын өткізу жөніндегі 2023 жылғы 18 тамызында жарияланған cауда-саттықты өткізу туралы хабарламаға өзгерістер енгізілгені туралы хабарлады.

Осы хабарламада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар олардың Бастапқы хабарламада берген мағынасына ие. Бастапқы хабарламаға мынадай өзгерістер енгізіледі:

Конкурстың бірінші кезеңінде конкурстық өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 13 қазанда, «10» сағат «00» минутта аяқталады; екінші кезең бойынша Конкурстың қорытындылары 2023 жылдың 29 желтоқсанда жасалады.