Qazaq Air өз жолаушыларына смс және электрондық пошта арқылы рейстің тоқтатылғаны немесе кешіктірілгені туралы хабарлайды.
"Метеожағдайлар себебінен рейстерді уақтылы орындамау келесі рейстердің эстафеталық кешігуіне әкеп соғады. Ауа-райы бақыланбайтын құбылыс. Жолаушылардан қазіргі жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Компания жолаушыларды тасымалдау Ережелеріне сәйкес барлық қызметтерді ұсынады", -деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.