«QAZAQ AIR Қазақстандағы су тасқыны салдарынан орын алған ауыр жағдайға байланысты 1 сәуірден 21 сәуірге дейін рейстерге сатып алынған әуе билеттерін жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша рейстерге айыппұлсыз қайта рәсімдеу және билет құнын толық қайтару мүмкіндігін ұсынады. Сонымен қатар, билеттерді 31 мамырға дейін қайта рәсімдеуге болады», - деп атап өтті әуетасымалдаушының баспасөз қызметі.
Жолаушылар билет құнын толық қайтаруды рәсімдей алады немесе маршрутты сақтай отырып, 31 мамырға дейінгі кез келген күнге ауыстыра алады.
Ол үшін билетті сатып алған агенттікке немесе әуекомпания кассасына хабарласу қажет.
QAZAQ AIR су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жанашырлық танытып, ел үшін осы қиын кезеңде қолдан келгенше көмек пен қолдау көрсетуге ниетті.