К 30-летию Независимости Казахстана | 22 қараша 16:15

Qazaq Air Тюменьге жолаушы тасымалдайды

QAZAQ AIR 2022 жылдың 4 желтоқсанынан бастап Тюмень қаласына жаңа бағыттың іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Бұл компанияның маршруттық желіні кеңейтудегі тағы бір маңызды қадамы. QAZAQ AIR Астанадан Тюменьге халықаралық рейсін аптасына 2 рет жиілікпен орындайтын болады. Сондай-ақ, компания Алматы, Шымкент, Қостанай және Жезқазған қалаларынан Астана арқылы Тюменьге ыңғайлы тоғысу рейстерін ұсынады.

Ұшулар келесі кесте бойынша de-Havilland Dash 8-Q400 заманауи, жайлы әуе лайнерлерінде жүзеге асатын болады:

Сәрсенбі (жергілікті уақыт бойынша):

IQ 523 Астана 18:45 – Тюмень 19:30 IQ 524 Тюмень 20:20 – Астана 23:15. 

Жексенбі күндері:

IQ 523 Астана 19:15 – Тюмень 20:10 IQ 524 Тюмень 21:00 – Астана 23:45. 

Билеттерді www.flyqazaq.com сайтынан немесе өз қалаңыздың әуе кассаларынан сатып алуға болады.