К 30-летию Независимости Казахстана | 05 қыркүйек 08:46

Qazaq Oil Қостанайдағы өрт салдарын жоюға 50 миллион теңге бөлді

Сондай-ақ өрт сөндіруге қатысатын арнайы техникалар мен барлық коммуналдық қызметтерге дизельдік отынды тегін береді.

Qazaq Oil ЖҚС ұлттық желісінің ұжымы Қостанай облысындағы өртпен күрестен сырт қалмай, оның салдарын жоюға 50 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді. Сондай-ақ өрт сөндіруге қатысатын арнайы техникалар мен барлық коммуналдық қызметтерге дизельдік отынның тегін берілетінін хабарлады.

«Біздің эмоциямызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, біз де сіздер сияқты осы трагедия үшін жауапкершілік жүгін арқалап отырмыз, өйткені мұның бәрі Қазақстанда, өз жерімізде болып жатыр. Жаратқан әрбір қостанайлыққа сабыр мен шыдамдылық берсін. Жақын арада барлығы қалыпқа келіп, отандастарымыз бұрынғы өміріне қайта оралатынына сенімдіміз», - делінген компания таратқан хабарламада.