К 30-летию Независимости Казахстана | 09 сентября 16:47

QazaqGaz жылу маусымына толық дайын

Компанияның газ инфрақұрылымы алдағы қыста болатын ең жоғары жүктемелерге толық дайын. Бұл туралы «QazaqGaz» АҚ-да өткен кеңесте айтылды.  

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында бірқатар нысандарда жабдықтарға техникалық қызмет көрсетілді, өрт және газ дабылдағыш жүйелері, автоматика тексеріліп, күрделі жөндеу мен жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Газ тарату желілері нысандарына ауқымды жөндеу және техникалық қызмет көрсетілді: 185 мыңнан астам газ реттеу пункті мен шкафы, 114 мыңнан астам ажыратқыш құрылғы, 1,7 мыңға жуық электрохимиялық қорғаныс құралы қамтылды. Сонымен қатар, QazaqGaz түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Күн сайын тұрғын үйлерді аралау, газды қауіпсіз пайдалану ережелері бойынша түсіндіру және энергия үнемдеу жөнінде жадынама тарату жұмыстары жүргізілуде.