Газ саласын дамытудың Кешенді жоспары мен «Самұрық-Қазына» АҚ ұзақ мерзімді стратегиясына негізделіп жасалған құжатта, компаниялар тобы бағыттарының жоғары сатыдағы диверсификациясы ескерілген. Даму стратегиясының жобасында жұмыстың келесі бағыттары қамтылған:
Сұранысты оңтайландыру үшін өзгерістерді ынталандыру; Тарифтер мен баға белгілеу; Геологиялық барлау жұмыстары мен қайта өндіру; Газды қайта өңдеу (газ өңдеу зауыттары); Сауда операциялары; Газ тасымалдау жүйесі мен газды жер асты сақтау қоймасы; Газ тасымалдау жүйесі; Даунстрим; Операциялық және инвестициялық жұмысты жетілдіру; Жоғары құзыретті ұйымды дамыту; Цифрландыру; ESG рейтингін алуға және IPOға шығуға дайындық.Жоғарыда аталған бағыттарға QazaqGaz компаниялар тобы басты назарды аударып отыр. Даму стратегиясының жобасы құжатты әзірлеу жөніндегі төрт Басқарушы комитетте, сондай-ақ ұлттық компанияның негізгі мүдделі тараптарының қатысуымен өткен стратегиялық сессияда талқыланып, қаралды.
Еске салайық, 2021 жылдың соңында QazaqGaz Ұлттық компания мәртебесіне ие болды. «2021 - 2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына сәйкес QazaqGaz компанияны IPO-ға шығару, оның ішінде компанияның инвестициялық және операциялық тартымдылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.