Алматы облысы Іле ауданының елдімекендерінде аталмыш шараның жүргізілуіне байланысты уақытша көгілдір отын беру тоқтатылған 4 449 абонентке сол күні сағат 22:00-де толықтай газ берілді.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ аталмыш жұмыстардың мегаполистің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында 3-ЖЭО-ның табиғи газға көшірілуіне байланысты жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар екенін хабарлайды.
Компания уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және техникалық шаралар барысында түсіністік танытқан тұтынушыларға алғыс білдіреді. Аталмыш жұмыстар газ желілерін қауіпсіздікпен және тұрақтылықпен қамтамасыз етуге бағытталған.