К 30-летию Независимости Казахстана | 06 қараша 11:25

QazaqGaz Aimaq газ құралдарын ережеге сай пайдалануға шақырды

1-31 қазан аралығында «QazaqGaz Aimaq» АҚ елімізде табиғи газ тұтынатын 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалада тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану бойынша айлық өткізді. 

Бұл іс-шаралар кешені тұтынушыларға газбен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін тағы бір рет еске салу үшін тұрақты түрде жүргізіліп отырады. 

Айлықтың мақсаты – газды пайдалану кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу. Өндірістік филиал қызметкерлері жүргізетін барлық іс-шаралар тұрғындарды тұрмыстық газ құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелерінің талаптарымен таныстыруға бағытталған.

Айталық, осы қазан айында республика бойынша қауіпсіздікті сақтауға шақырған бейнеролик 1 217 рет жергілікті телеарналарда көрсетілген. Ал, арнайы рейдтер саны қазан айында 349-ды құрады. Сонымен қатар, БАҚ-та (телеарналар, ақпарат порталдар мен басылымдар) жарияланған материалдар саны 94 болса, тұрғындарға жиыны 91 173 қауіпсіздік ережелер жадынамасы таратылған. Бұл – жылыту маусымы басталар алдындағы үгіт-насихат шараларының жиынтық есебі.  

Айлықты өткізу кезінде «QazaqGaz Aimaq» АҚ қызметкерлері газ желілері мен аспаптардың жай-күйіне, оларға техникалық қызмет көрсету сапасына күшейтілген бақылауды жүзеге асырады. Газ қызметкерлері  тұтынушыларға газ аспаптарын қауіпсіз пайдалану туралы парақшалар-жадынамалар таратады, оқу орындарында дәрістер өткізеді, тұтынушылардың газды пайдалануы кезінде жазатайым оқиғаларға жол бермеу мәселелерін талқылау мақсатында газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуді орындайтын мердігер ұйымдармен кеңестер ұйымдастырады, сондай-ақ өңірлердің ТЖД-мен бірлесіп жоспарлы негізде қауіпсіздік бойынша рейдтер жүргізіледі.

Көбінесе жазатайым оқиғалар – жарылыстар, өрттер мен уланулар халықтың газ аспаптарымен ұқыпсыз пайдалануынан және оларды пайдаланудың қарапайым ережелерін сақтамауынан туындайды. Ережелер мен сақтық шаралары қарапайым, оларды ұмытпаңыз және газды қолданған кезде әрқашан сақ болыңыз!